SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

8 "А" - "Бала Жайдарман" КВН


Достар, біз апта басындағы маңызды жаңалықтарымыздың бірімен бөлісуді ұмытып кетіппіз.

23 - қазан күні Қазақстан КВН одағы РЖҚБ  мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында өткен "Бала Жайдарман" ойынында мектебіміздің 8 "А" сынып оқушылары өнер көрсетті. Математика пәнінің мұғалімі Береке Алтынбекұлы жетекшілік еткен "Жасын" тобы қаламыздағы он мектептің топтарымен сайысқа түсті. "Жасын" тобының тапқырлықпен көрсетілген әрбір әзіліне көрерменнің қошеметі керемет болды. Көрермен ретінде келген мектебіміздің қазақ сыныптарының оқушылары да өздерінің қолдауын білдірді. Жайдарман ойынында "Жасын" тобына алғыс хат беріліп, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Алдағы уақытта "Жасын" тобына жарқын жеңістер мен белестерді бағындыруды тілейміз.

whatsapp_image_2023-10-30_at_07.37.50.jpeg

whatsapp_image_2023-10-30_at_07.37.51.jpeg

whatsapp_image_2023-10-30_at_07.37.51_1.jpeg

8 "А" - "Бала Жайдарман" КВН 8 "А" - "Бала Жайдарман" КВН
SEO_STREET_ADDRESS SEO_POSTALCODE SEO_LOCALITY SEO_REGION SEO_COUNTRY

Астана қаласы әкімдігінің "№30 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

Мектеп-гимназияның мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағытталған білім кеңістігін қалыптастыру.

whatsapp_image_2023-05-10_at_13.17.57_1.jpeg

Сәлеметсіздер ме, құрметті №30 мектеп-гимназия сайтының қонақтары! Біздің Веб-сайт - электронды портал, оған кірген кезде сіз әрқашан болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, жоспарланған жұмысты ескере аласыз, кеңестер мен ұсыныстарды пайдалана аласыз және мектебіміздің маңызды оқиғаларына жеке қатыса аласыз.

№30 мектептің дәстүрінде – тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және оның жаңашылдығына бағытталған. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Үйірмелер мен секцияларға қатысу сабақта алынған дағдылар мен әдептерді бекітуге және дамытуға мүмкіндік береді. Міндетіміз: Оқыту – тәрбиелеу, тәрбиелеу – оқыту.

 

Құрметпен, №30 мектеп-гимназиясының директоры

Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна

whatsapp image 2022 12 09 at 12.19.52

Бейне және фото